Оқиға
Өскеменде полиция қызметкерін өлтіріп кетті
Өскемен қаласында полиция қызметкерін өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамаған. Оған ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға әлгі адам дене жарақатын салған.
“Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған”, – делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.