“Үш-ақ күн уақытымыз қалды”: Ресей соғысқа әкеткен қазақ жастары тағы көмек сұрады

Ресейге жұмысқа барып, ақыры Украинадағы соғысқа аттандырылғалы жатқан Алмаз Қайсар атты азамат тағы көмек сұрап, дабыл қақты. Полигонда жүрген ол соғысқа алып кету үшін бар-жоғы үш күн қалғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Үш-ақ күн уақытымыз қалды. Қазақстан халқынан, Президентінен, ҰҚК төрағасынан, Сыртқы істер министрінен көмек сұраймыз. Соғысқа жібере бастады. Бір бала кетіп қалды. Біздің бәріне айтып жүргенімізге 10 күндей болып қалды, ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Тек “күтіңдер” деп жатыр. Қазақстанға үш күн көп болса, біз үшін өте аз уақыт. Біздің тіпті бір сағат уақытымыз бір минуттай өтіп жатыр. Бізді алып кетіңіздерші. Менің қасымда тоғыз адамдай бар. Оның бірі – Айнабек Келдібек, Мирас бар. Бізде уақыт тығыз. Біреудің жерінде болғанша, өз жерімізде өлген артық”, – дейді Алмаз Қайсар.
Соғысқа әкетілген қазақтар
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны Сымбат Келдібек бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Келдібекті Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.
Кейін бірнеше азаматтың өз жағдайын айтып, соғысқа әкетілгені жатқаны турасында видеосы тараған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі не дейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинада соғысқа әкетілген Қазақстан азаматтары жөнінде бұған дейін мәлімдеме жасаған. Сыртқы саяси ведомство олардың туған-туыстарынан өтініш келіп түсіп жатқанын, жағдай бақылауда екенін атап өткен.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.