$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Жаңалықтар

Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп әкетілген қазақтар жөнінде ҚР СІМ мәлімдеме жасады (Видео)

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинада соғысқа әкетілген Қазақстан азаматтары жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау Министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады. ҚР СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған. Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді”, – делінген мәлімдемеде.

СІМ сонымен қатар, соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейтінін атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады.

“Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін Министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет. Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді”, – делінген мәлімдемеде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz

ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz

ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz

ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz

ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz

ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz

ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz

Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button