TOP-2Жаңалықтар

Тоқаев Атырау облысы әкімін қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оның қызметінен босатылуы мүмкін деген ақпарат кеше тараған болатын.

«Мемлекет басшысы Жарлығымен Шапкенов Серік Жамбылұлы Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін “экономист-математик” мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

  • 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
  • 2015-2016 жылдары – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.
  • 2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • 2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың сәуіріне дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
  • 2022 жылдың 7 сәуірінде ол Атырау облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
Back to top button