Жаңалықтар

Текелі қаласында экскаватор 11 жастағы оқушы қызды басып кетті

Жетісу облысының Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған экскаватор 11 жастағы қызды қағып, салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қайғылы жағдай 3 қарашада болған.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Экскаватор жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жол қозғалысы ережелері мен жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталғаны тексеріліп жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button