ЖаңалықтарЭкономика

Такси жүргізуші мен курьер көп: Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың аударымдарын талдады

1 миллион теңгеден астам аударым жасағандар ішінде жеке кәсіпкерлер бар.

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Мәди Тәкиев жеке тұлғалардың аударымдарына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаржы министрінің айтуынша, бірінші тоқсан бойынша жеке тұлғалардың аударымдары бойынша үлкен талдау жүргізілген.

«Жеке тұлғалардың аударымдары бойынша 10 шақты банкпен жұмыс істедік. 115 000 жеке тұлға 3 ай ішінде 1 миллион теңгеден астам аударым жасаған. Аударым жасалған жалпы сома 1 триллион теңгеден асады. Мұның ішінде жеке тұлғалармен қатар резидент емес тұлғалар да бар. Оларға бақылауды күшейттік. Шекарадан шығар кезде бұл қаражат Қазақстан ішінде қалай аударылғанын сұраймыз», – дейді Мәди Тәкиев.

Сондай-ақ, ол 1 миллион теңгеден астам аударым жасағандар ішінде жеке кәсіпкерлер бар.

«Ол жерде қаражат көп емес — 200 млрд. теңге. Оларға жазалау мақсатында емес, қалай осылай болып қалғанын анықтау үшін хабарлама жіберілді. Олардың ішінде такси қызметінде және курьер болып істейтін жеке тұлғалар көп екен», – дейді ол.

Back to top button