Архивы Ақмарал Әлназарова - Tizgin kz

Қызмет сапасы мен құнына шағым көп – министр жеке емханалар қалай бақыланатынын айтты
Қазақстанда жекеменшік емханалардың қызмет құны мен медициналық көмектің сапасына қатысты шағым көп. Осы мәселеге қатысты Tizgin.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сұрақ қойды.

«Елде жекеменшік емханаларда қызмет құнының қымбат болуына шағым айтып жататындар көп. Әр қабылдаған сайын алатынына, сөйте тұра қызмет сапасына шағым айтатындар да бар. Осы мәселені қаншалықты бақылауға алып отырсыздар?» деп сұрады тілші министрден.

Ақмарал Әлназарова мәселенің өзекті екенін айтып, жекеменшік медициналық ұйымдар көрсететін қызмет сапасы мемлекет бақылауында екенін жеткізді. Министрдің айтуынша, кейінгі екі жылда еліміздегі стоматологиялық кабинеттерге ауқымды тексеру жүргізілген.

«Негізі жекеменшік сектордағы емдеу мекемелерінде көрсетіліп жатқан қызметтің сапасы міндетті түрде біздің бақылауымызда. Кейінгі екі жылда Қазақстан бойынша стоматологиялық кабинеттердің бәрін тексеріп шықтық. Оңай болған жоқ. Сонымен қатар олардың 200-ден астамы жабылды. Өз еркімен лицензияларын қайтарған жағдайлар да болды», – деді министр.

Әлназарованың сөзінше, медициналық ұйымдарды бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Қазір цифрлық ақпараттық жүйелер арқылы мекемелердің лицензиясы мен мамандар сертификаттарының талаптарға сәйкестігін қашықтан тексеруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар азаматтардан түскен арыз-шағымдарды дер кезінде қарау және тиісті тексерулер жүргізу жұмыстары қолға алынған.

Емхана бағасына МӘМС әсер етті ме

Tizgin.kz тілшісі министрден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің жекеменшік емханалардағы қызмет құнының қымбаттауына ықпалы бар-жоғын да сұрады.

Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесімен қамтылған азаматтардың үлесі жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінде бұл көрсеткіш 88 пайызға жеткен. Сонымен қатар осы бағыттағы шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 800 мыңға жуық азамат МӘМС жүйесі арқылы медициналық қызмет ала бастаған.

Ал жекеменшік емханалардағы қызмет бағасының қымбаттауына қатысты министр оның нарық арқылы қалыптасатынын айтты.

«Жекеменшік емханалардағы бағаларды нарық өзі реттейді. Сондықтан олар нарыққа шығарылды. МӘМС жүйесінің емханалардағы қызмет құнының қымбаттауына қатысы жоқ деп санаймын», – деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ министр медициналық және фармацевтикалық бақылау бағыттарының екі бөлек комитетке бөлінгенін де атап өтті.

Еске салсақ, Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың арасындағы жанжал жөнінде пікір білдірген еді.

Сообщение Қызмет сапасы мен құнына шағым көп – министр жеке емханалар қалай бақыланатынын айтты появились сначала на Tizgin kz.

«Ешқайсысына араша түспеймін»: министр Ақтау ауруханасындағы жанжал жайлы пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың арасындағы жанжал жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақтаудағы баланың әкесі мен хирургтың жанжалы үлкен резонанс туғызған еді. Жұрттың көп біраз баланың әкесін жақтап жазған.

«Әлбетте, қол жұмсау – қылмыс. Сіз де министр ретінде дәрігерді жақтауыңыз мүмкін. Бірақ бұл хирургты айтпағанда ақ халаттының бәрі ақ періште тағы айта алмаймыз ғой. Дәрігермен жанжалдасқан кез келген адам 12 жылға сотталып кетуім мүмкін деп қорқып жүрсе, күні ертең мұның арты  қалай болады?» – деп сұрады Tizgin.kz тілшісі министрден.

Бұл сұраққа министр әуелі қарымта сұрақпен жауап берді. «Қызметін атқарып жатқан азаматты біреу келіп, ұрып-соғып жатса, соны өзіңіз дұрыс көресіз бе?» деп сұрады. Журналист «баланың әкесінің айтуынша, сол жағдайға дәрігердің өзі жеткізген деп отыр. Жалпы мұндай жағдайларда дәрігердің өз жұмысына салғырт қарауы белең алып, жауапкершілігі төмендеп кетпей ме?» деп сұрады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Жауапты органдар өзінің жауабын бере жатар. Бұл жерде президенттің тікелей тапсырмасы аясында биыл жауапкершілікті күшейтуге байланысты заңға қол қойылды. Бүгінгі таңда сәуірден бастап бұл норма күшіне енді. 50-ге жуық қылмыстық істер қозғалып отыр. Сондықтан, бұл жерде біздің негізгі жұмысымыз халыққа сапалы қызмет көрсету. Ал ата-ананың бұл жағдайға неге барғанын қылмыстық іс кезінде тағы өздері дәлелдеп шығар», – деді ол.

Егер дәрігер сондай жағдайға ата-ананы жеткізіп жатса қандай да бір нормаларға өзгеріс енгізу керек деп санамайсыз ба? Министрге осындай да сұрақ қойылған.

«Дәрігер мұндай жағдайға жеткізді деген әзірге дәлел жоқ. Қылмыстық іс барысында дәлелденіп жатса, сонда тағы көрерміз», – деді министр.

Министр сонымен қатар еш тарапты жақтамайтынын айтты.

«Ешқайсысына араша түспеймін. Заң бар», – деді ол.

Дәрігер мен баланың әкесі не дейді

Еске салайық, жанжал Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде болған. Баланың әкесі хирург Қанат Измаиловқа тап беріп, оның мойнынан ұстаған. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Хирургтің өзі медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпеді деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол баланы шамамен 15 минут қарап, қажетті тексерулерді тағайындаған және науқасты келесі кезекші ауысымға тапсырған. Измаилов тексеру кезінде «аппендицит» диагнозын қоюға негіз болмағанын атап өтті. Аурухана өкілдері де баланы стационарға жатқызуға медициналық көрсетілім болмағанын, ал дәрігер қажетті медициналық шараларды орындағанын мәлімдеді.

Ал баланың әкесі оқиғаның басқа нұсқасын айтты. Оның сөзінше, ұлы Жамбылды дене қызуы 39 градусқа жуықтап, аппендицитке күдік туындаған соң ауруханаға алып келген. Ер адам медицина қызметкерлерінің әрекетіне және балаға медициналық көмек көрсету жағдайына наразылық білдірген.

Оқиғадан кейін полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Сообщение «Ешқайсысына араша түспеймін»: министр Ақтау ауруханасындағы жанжал жайлы пікір білдірді появились сначала на Tizgin kz.

2027 жылдан бастап қандай дәрігерлердің жалақысы өседі
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап емханалардың учаскелік қызмет мамандарына қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Жаңа жүйе енгізілсе, олардың жалақысы 40 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің айтуынша, бастама Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын азайту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесіндегі еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.

Жаңа үстемеақы 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтуы мүмкін.

Үстемеақы кімге және қалай төленеді

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, қосымша төлем емханалардың учаскелік қызмет мамандарына қарастырылып отыр.

«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған үстемеақы белгілеу ұсынылып отыр. Үстемеақы үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоциялық жүктемеге байланысты төленеді», – деді министр.

Демек, жалақы барлық медицина қызметкеріне бірдей мөлшерде көтерілмейді. Қосымша төлемнің көлемі белгіленген талаптарға сәйкес жеке есептеледі. Ұсыныс қабылданған жағдайда, учаскелік қызмет мамандарының еңбекақысы 40 пайызға дейін артуы мүмкін.

Қанша қаражат қажет

Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, жаңа төлем жүйесін енгізу үшін 2027–2029 жылдары жыл сайын шамамен 137 млрд теңге қосымша қаражат қажет. Оның 34 млрд теңгесін республикалық бюджеттен бөлу, ал қалған 103 млрд теңгені міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру жоспарланған.

Ведомство бұл бастама алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы маман тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп есептейді. Сондай-ақ еңбекақыны арттыру емханалардағы жұмыс орындарының тартымдылығын күшейтіп, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Сообщение 2027 жылдан бастап қандай дәрігерлердің жалақысы өседі появились сначала на Tizgin kz.

«Ол мәселе шешілді»: Министр Әлназарова Есік дәрігерлерінің шағымына жауап берді
Алматы облысы Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталықтың қызметкерлері жалақыларының уақытылы төленбегенін айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағымданған вивдео тарады. Медицина мамандары мекемеге тексеріс жүргізуді сұрап, басшылықтың жұмысына наразылық білдірді. Бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бізді ешкім тыңдамайды»

Перинаталдық орталықтың қызметкерлері 13 қазанда жариялаған үндеуінде жалақыларын әлі алмағандарын мәлімдеді. Олардың айтуынша, қаржының кешіктірілуі отбасылық жағдайларына әсер етіп, ұжым арасында наразылық туғызған. Медицина мамандары Мемлекет басшысынан жағдайға назар аударып, мекеменің жұмысына тексеріс жүргізуді сұрады.

«Қазақстан Республикасының құрметті Президенті! Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталықтың қызметкерлері әлі жалақы алған жоқ. Бүгін 13 қазан. Олардың бала-шағасы бар. Бізге тексеріс жіберіңіз, өйткені шаршап кеттік. Осылай істеуге мәжбүр болып отырмыз. Шыдамымыз таусылды», – деді үндеу жасаған қызметкерлер.

Олардың сөзінше, медициналық мекемеде басшылық жиі ауысады, алайда қызметкерлердің пікірі ескерілмейді.

«Басшылық жиі ауысады, бізбен ешкім ақылдаспайды, бізді ешкім тыңдамайды. Жалақымызды көтермейді. Дәл қазіргі мәселе – жалақымызды бермей жатыр. Тексеріс жіберсеңіз, бәрін толық айтып береміз. Біз әділдікті қалаймыз, бізге назар аударыңыз», – дейді олар.

«Ұжым жақсы, тек жақсы басшы жоқ»

Үндеу жасаған қызметкерлер перинаталдық орталықтағы медициналық ұжымның жұмысына оң баға бергенімен, мекемедегі басқару жүйесіне көңілдері толмайтынын жеткізді.

«Бұл жерде туу көрсеткіші жақсы. Ұжым жақсы, тек жақсы басшы жоқ», – деді медицина мамандары.

Олар жалақы мәселесін шешумен қатар, мекемедегі басқару жағдайына да назар аударуды талап етті.

Айта кетейік, Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталық 2026 жылдың басында дербес медициналық ұйым мәртебесін алған. Бұған дейін ол Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының құрамында жұмыс істеген.

Денсаулық сақтау министрі не деді

Медицина қызметкерлерінің үндеуіне қатысты Tizgin.kz тілшісінің сұрағына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.

«Бұл мәселе шешілді», – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр жалақының нақты қашан төленгенін, барлық қызметкердің қаражаты толық аударылған-аударылмағанын және төлемдердің кешігуіне не себеп болғанын нақтыламады. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің мекемеге тексеріс жүргізу туралы өтініші бойынша қандай шара қабылданғаны әзірге белгісіз.

Сообщение «Ол мәселе шешілді»: Министр Әлназарова Есік дәрігерлерінің шағымына жауап берді появились сначала на Tizgin kz.

«Дәрігерге жету қиын болып кетті»: депутат медицина мәселесін көтерді
«Әділет» партиясының мүшесі Арман Жаңсегіров консультациялық-диагностикалық көмекті күту кезіндегі мәселелерді тізбелеп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қабылдау кезіндегі қиындықтар

Депутат көтерген тақырыптар консультациялық-диагностикалық көмекті күту мерзімдері, № ҚР ДСМ-37 бұйрық нормаларының қайшылықтары және оларды жою шараларын қамтыды. Арман Жаңсегіров алдымен ҚР ДСМ №37 бұйрығна енгізілген өзгерістерде бірқатар жағымды жаңалықтар бар екенін айтты. Одан бөлек, бейінді маман пациентті тексерулерге және әріптестеріне жіберуге құқылы екенін, қабылдау кестелері 60 күнге жарияланатынын алға тартты.

Сонымен қатар бейінді мамандардың қолжетімділігі азаматтар өтініштерінің негізгі себебі болып қала береді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 925 шағым түсті. Олардың көбі Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарынан және Астана қаласынан тіркелді, – делінген сауалда.

Күту мерзімі нормативтік тұрғыда бекітілмеген

Депутат сөзінше, бірыңғай шекті күту мерзімі нормативтік тұрғыда бекітілмеген. Қордың мониторинг ережелері 10 күнді, Қор түсіндірмелері 15 жұмыс күнін көздейді.

Кестені 60 күнге жариялау міндеті бастапқы жоспарлы өтініштер басымдығымен қатар жүрмейді. Бұл ресми кедергісіз бір айдан кейін және одан да кешірек талондар беруге мүмкіндік береді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің қабылдау мерзімі регламенттелмеген, сондықтан пациент маршрутының жалпы ұзақтығы шектелмеген, – деді депутат.

Депутат ұсынысы

Оның сөзінше, «Үштен аспайтын» жолдама шектеуі қосарланған патологиясы бар пациенттердің қажеттіліктерін ескермейді. Бұдан бөлек, маманның пациентті қайта қабылдауға жазу құқығы «ауыру жалғасуда» деген нәтижеге байланыстырылған. Ал бұл нәтижені формальды түрде қою қаупін туғызатын көрінеді.

Арман Жаңсегіров диспансерлік есепте тұрғандар үшін бейінді дәрігерге тек мобильді қосымшалар арқылы жазылу егде жастағы және ауыл тұрғындарының қабылдауға жазылуын қиындық туғызатынын жеткізді. Оның министрге білдірген ұсыныстары төмендегідей:

қағидаларда жоспарлы көмекті күтудің бірыңғай шекті мерзімін, онкологиялық ауруға күдік болған кезде және балалар үшін қысқартылған мерзімдерді бекіту;

қосымша орындаушыға қайта бағыттаумен мерзімдерді автоматты бақылауды, жария мониторингті енгізу және штаттық нормативтер мен тарифтерді қайта есептеу;

жолдамалар көлемін клиникалық хаттамамен айқындау және қайта жазылудың емдеу нәтижесіне байланыстырылуын алып тастау;

бейінді дәрігерге тікелей жазылуды тіркеу орнына, колл-орталыққа тарату.

Сообщение «Дәрігерге жету қиын болып кетті»: депутат медицина мәселесін көтерді появились сначала на Tizgin kz.

Тағы бір министр өз өмірінен кейін ағзаларын донорлыққа беретінін мәлімдеді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз өмірінен кейін донор болуға келісім бергенін жариялады. Оның айтуынша, бұл шешімін әлдеқашан қабылдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz министрдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Бұл туралы ашық айту маңызды»

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз еркін тіркеу жөніндегі шешімін жұртшылыққа жеткізді.

«Бүгін әлдеқашан қабылдаған шешімімді – қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімімді тіркеу туралы шешімімді көпшілікке жариялағым келеді. Бұл туралы ашық айту маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғандықтан емес, әрқайсымыз бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан», – деді министр.

Бұған дейін министр кезінде Аида Балаева да өз өмірінен соң донор болатынын мәлімдеген еді.

Қазақстанда 4 867 адам трансплантацияны күтіп жүр

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, қазір елде 4 867 адам ағза ауыстыруды күтіп отыр.

Әлназарова өз шешімін жариялау арқылы донорлық мәселесін ашық талқылаудың маңызына назар аударды. Оның сөзінше, мұндай таңдау жасау қажеттігі кез келген адамның алдынан шығуы мүмкін.

Сообщение Тағы бір министр өз өмірінен кейін ағзаларын донорлыққа беретінін мәлімдеді появились сначала на Tizgin kz.

Дүниежүзілік денсаулық күні: биыл маңызды іс-шаралар мектептерде өткізіліп жатыр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтілетінін, мыңдаған оқушыны қамтитын «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz министрдің жеке парақшасына сілтеме жасап.

БАЛАЛАРҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Әлназарова бүгін алғаш рет ел көлемінде Оқу-ағарту министрлігімен тізе қосып, бірқатар шара өткізу жоспарланғанын, балалармен қарапайым, бірақ өте маңызды тақырыптарда әңгімелесетіндерін жеткізді. Балаларға төмендегідей шектеу қойылмақ екен:

дұрыс тамақтану

дене белсенділігі

толыққанды ұйқы

гаджеттерді шектеу

энергетикалық сусындардың зияны

АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙДЫ

Министр мәліметінше, бүгінде мемлекет денсаулықты сақтау үшін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарттары енгізілді (қант 3,6 есе, тұз 5 есе азайтылды, трансмайлар шектелді).

Жыл сайын шамамен 3 млн адамды қамтитын ұлттық скрининг бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онкологиялық аурулардың шамамен 80%-ы ерте кезеңде анықталуда. Кардиологиялық және онкологиялық көмек дамып, заманауи емдеу технологиялары енгізілуде, – делінген министр бөліскен мәліметте.

Ақмарал Әлназарова осындай табанды жұмыстар нәтижесінде елдегі өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жеткенін, ана мен нәресте өлімі төмендегенін жеткізді.

Жалпы, Қазақстан денсаулық көрсеткіштері бойынша өңір көшбасшыларының бірі көрінеді. Ақмарал Әлназарова профилактикалық шаралар күшейтіліп, елде 21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынып, тұтынуды азайту үшін акциздік саясат енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сообщение Дүниежүзілік денсаулық күні: биыл маңызды іс-шаралар мектептерде өткізіліп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Фельдшерлердің жанайқайы: мамандар Әлназаровадан нақты не сұрайды
Қазақстанның өңір-өңіріндегі фельдшерлер бірнеше күннен бері  Денсаулық сақтау министрлігі Ақмарал Әлназароваға датын жеткізгісі келіп жүр. Олар министрге халық үміт артатынын айтады. Сондай өтініштердің бірін Tizgin.kz редакциясына Мухаммад Өмірбек жіберді.

МИНИСТРГЕ ӨТІНІШ

Мухаммад Өмірбек фельдшер мамандығының тәуекелі жоғары, физикалық және психологиялық тұрғыдан ауыр жұмыс санатына жататынын ескере отырып, фельдшерлерге зейнет жасын төмендету арқылы мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы берілуін сұрайды. (құқық қорғау органдарының қызметкерлерлері секілді). Бұл – олардың денсаулығы мен өмір сапасын қорғауға бағытталған әділ шешім деп есептейді.

“Өтінішімізді фельдшерлердің жанайқайы деп түсініңіз! Біз фельдшер мамандарын баспанамен жүйелі түрде қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды, қызметтік үй немесе жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алу мүмкіндігін қарастыруды, тұрғын үй жалдау (пәтер) шығындарының өтелуін немесе субсидиялануын енгізуді сұраймыз”, – делінген өтініште.

Фельдшер мамандары халықтың өмірі мен денсаулығы үшін тәулік бойы тынымсыз еңбек етеді. Жұмысы жоғары жауапкершілік пен тәуекелге толы екенін айта келе Мухаммад Өмірбек төмендегі мәселелер бойынша заңды түрде әділ шешім қабылдануын сұрайды.

“Жалақы мәселесі: ел бойынша фельдшерлердің айлық жалақысын орташа республикалық айлық есептік көрсеткішке яғни 429 368 теңгеге жеткізу әрдайым бақылауда назарда ұстауыңызды сұраймыз. Сондықтан жалақы көлемін әділ түрде арттырып, ел бойынша теңестіруді талап етеміз! Сыйақы мен үстемеақы: қазіргі таңда бұл төлемдер барлық өңірде біркелкі берілмейді. Біз заң бойынша барлық өңірде Фельдшерлерге тұрақты және толық көлемде сыйақы мен үстемеақы төленуін талап етеміз! Тәуекелділік үшін төлем: фельдшерлер қауіпті жағдайда, стресс пен ауыр физикалық жүктемемен жұмыс істейді. Сондықтан тәуекелмен байланысты арнайы төлемдердің заңмен бекітілуін және жүйелі түрде толық төленуін сұраймыз. Бұл – біздің жеке емес, жалпы фельдшер қауымының атынан қойып отырған заңды талаптарымыз”, – делінген өтініште.

МИНИСТР БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕДІ

Ақмарал Әлназароваға фельдшерлердің жалақысын арттыру мәселесі жөнінде журналистерге бұған дейін сұрақ қойған. Министр аталған мәселені реттеу медициналық ұйымдардың басшыларына тікелей байланысты екенін мәлімдеген. Министрдің айтуынша, үш жылдық бюджетте медициналық тарифтерді көтеруге 100 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл қаржы мекемелерге өз штатындағы қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарап, көтеруге мүмкіндік береді.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде сараланған еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізілді. Бұл жүйе мамандарға жоғары көрсеткіштері үшін бонустық төлемдер алуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа бюджетте 25 млрд теңге қарастырылған», – деді ол.

Министрдің сөзінше, стационарларды қаржыландыру қолданыстағы тарифтерге тәуелді. Кейбір тарифтер әлі де экономикалық жағынан тиімсіз, сондықтан оларды қайта қарау жұмыстары жалғасып жатыр. 2023 жылы бұл мақсатқа 24 млрд теңге бөлінген. Ал үш жылдық бюджетте тарифтерді жаңарту үшін 100 млрд теңгеден астам қаражат көзделіп отыр.

«Медициналық ұйымдар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ретінде жұмыс істейтіндіктен, артқан бюджет қаржысын жалақы өсіміне бағыттай алады. Фельдшерлер мен өзге де қызметкерлердің жалақысын көтеру – әр ұйымның басшысының тікелей міндеті», – деді министр.

Министрлік инфекционист-дәрігерлерге арналған үстемақыларды арттыру бойынша ұсыныстар дайындап жатқанын хабарлаған. Пандемия кезеңінде бұл санаттағы мамандарға айтарлықтай қолдау көрсетілген, алайда қазір төлемдер жүйесін жаңарту қажет. Фельдшерлер, санитарлар, жүргізушілер және жалпы дәрігерлерге қатысты еңбекақы мәселесі де талқылау үстінде.

«Денсаулық сақтау министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, базалық лауазымдық жалақы коэффициентін көтеруді көздейтін Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қаржы министрлігінің қолдауымен бұл бағыттағы жұмыстар орындалды», – деді Әлназарова.

Айта кетейік, Теміртауда айына 130 мың теңге алатын фельдшерлер жалақыны көтеруді бұған дейін талап еткен еді.

Сообщение Фельдшерлердің жанайқайы: мамандар Әлназаровадан нақты не сұрайды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда дәрігерлерге шабуылдағандар қашан қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Дәрігерлерге күш көрсету жағдайлары жиілеп кетуі мәселесі Үкімет отырысында тағы да көтерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 175-ке тарта дерегі тіркелген.

Статистика көңіл көншітпейді, жылдан-жылға өсіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту және қылмыстық жауапкершілік енгізу жөніндегі шаралар әзірленді. Қазір бұл өзгерістер барлық мемлекеттік органмен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісілді. Парламент депутаттарының қолдауымен бұл түзетулерді жыл соңына дейін қабылдаймыз деп отырмыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі брифинг барысында.

Сообщение Қазақстанда дәрігерлерге шабуылдағандар қашан қылмыстық жауапкершілікке тартылады появились сначала на Tizgin kz.