Дүниежүзілік денсаулық күні: биыл маңызды іс-шаралар мектептерде өткізіліп жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтілетінін, мыңдаған оқушыны қамтитын «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz министрдің жеке парақшасына сілтеме жасап.
БАЛАЛАРҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
Әлназарова бүгін алғаш рет ел көлемінде Оқу-ағарту министрлігімен тізе қосып, бірқатар шара өткізу жоспарланғанын, балалармен қарапайым, бірақ өте маңызды тақырыптарда әңгімелесетіндерін жеткізді. Балаларға төмендегідей шектеу қойылмақ екен:
- дұрыс тамақтану
- дене белсенділігі
- толыққанды ұйқы
- гаджеттерді шектеу
- энергетикалық сусындардың зияны
АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙДЫ
Министр мәліметінше, бүгінде мемлекет денсаулықты сақтау үшін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарттары енгізілді (қант 3,6 есе, тұз 5 есе азайтылды, трансмайлар шектелді).
Жыл сайын шамамен 3 млн адамды қамтитын ұлттық скрининг бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онкологиялық аурулардың шамамен 80%-ы ерте кезеңде анықталуда. Кардиологиялық және онкологиялық көмек дамып, заманауи емдеу технологиялары енгізілуде, – делінген министр бөліскен мәліметте.
Ақмарал Әлназарова осындай табанды жұмыстар нәтижесінде елдегі өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жеткенін, ана мен нәресте өлімі төмендегенін жеткізді.
Жалпы, Қазақстан денсаулық көрсеткіштері бойынша өңір көшбасшыларының бірі көрінеді. Ақмарал Әлназарова профилактикалық шаралар күшейтіліп, елде 21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынып, тұтынуды азайту үшін акциздік саясат енгізіліп жатқанын мәлімдеді.