$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
TOP-2Жаңалықтар

Тағы бір министр өз өмірінен кейін ағзаларын донорлыққа беретінін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз өмірінен кейін донор болуға келісім бергенін жариялады. Оның айтуынша, бұл шешімін әлдеқашан қабылдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz министрдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Бұл туралы ашық айту маңызды»

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз еркін тіркеу жөніндегі шешімін жұртшылыққа жеткізді.

«Бүгін әлдеқашан қабылдаған шешімімді – қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімімді тіркеу туралы шешімімді көпшілікке жариялағым келеді. Бұл туралы ашық айту маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғандықтан емес, әрқайсымыз бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан», – деді министр.

Бұған дейін министр кезінде Аида Балаева да өз өмірінен соң донор болатынын мәлімдеген еді. 

Қазақстанда 4 867 адам трансплантацияны күтіп жүр

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, қазір елде 4 867 адам ағза ауыстыруды күтіп отыр.

Әлназарова өз шешімін жариялау арқылы донорлық мәселесін ашық талқылаудың маңызына назар аударды. Оның сөзінше, мұндай таңдау жасау қажеттігі кез келген адамның алдынан шығуы мүмкін.

Back to top button