$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
⛅ +6° Сезіледі +4° Жел 1 м/с Ылғалдылық 70%
TOP-2Тергеу

Сүт көлемін сегіз есе көбейтіп көрсеткен: Түркістан облысында субсидия жымқыру деректері анықталды

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметін тексеру барысында жүйелі заңбұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды. Сайрам ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы өндірген сүт көлемін нақты көрсеткіштен сегіз есе артық көрсеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Субсидия алу үшін жалған мәлімет ұсынған

Прокуратураның мәліметінше, Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін заңсыз ұлғайтқан. Құжаттардағы көрсеткіш нақты өндіріс көлемінен сегіз есе жоғары болған.

Тексеру қорытындысы бойынша субсидия жымқырудың екі дерегі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Істер аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша қозғалып, тергеу облыстың арнайы прокурорларына тапсырылған.

Бюджетке 40 млн теңге қайтарылды

Қазіргі уақытта төрт күдіктіге қатысты бір қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Оның аясында бюджетке 40 млн теңге қайтарылып, күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынған.

Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Back to top button