$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
⛅ +6° Сезіледі +4° Жел 1 м/с Ылғалдылық 70%
Жаңалықтар

Маңғыстауда балта ұстаған ер адам қамаудағы иттердің үйшігін сындырып кеткен

Оқиға Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында болған. Балта ұстаған ер адам қаңғыбас жануарларға арналған панажай аумағына кіріп, иттердің үйшіктерін қиратқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қоршауды бұзып кірген

Бұл туралы жануарларды қорғаумен айналысатын «Шанс» қоғамдық қорының еріктілері хабарлаған.

Еріктілердің айтуынша, оқиға Мұнайлы ауданындағы саяжай учаскесінде тіркелді. Мас күйдегі ер адам балтамен келіп, қоршаудағы құлыпты бұзып, аумаққа кірген. Қор өкілдері шабуыл жасаған адам көрші екенін айтқан.

Оқиға кезінде иттердің үйшіктерін сындырып, жануарларды қоршаудан босатқан. Қорыққан иттер жан-жаққа қашқан көрінеді. Қазір олардың үшеуінің қайда екені белгісіз.

Полиция не дейді

Оқиға туралы ақпарат жарияланған соң «Шанс» қоры өкілдерімен Мұнайлы аудандық полициясы учаскелік инспекторлар бөлімшесінің басшысы байланысқа шыққан.

Полиция өкілі жағдай бақылауға алынып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілетінін хабарлаған.

Әзірге оқиғаға қатысты тексеріс нәтижелері мен ер адамға қандай да бір шара қолданылғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Жоғалған үш итті іздеу мәселесі де әзірге ашық күйінде қалып отыр.

Back to top button