$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +5° Сезіледі +2° Жел 1 м/с Ылғалдылық 76%
Жаңалықтар

Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтер кезінде тұтынушылар құқықтарын бұзуға әкелген факітлерді анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қай ұйымдар лицензиясынан айырылды

Мәлім болғандай, қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде Агенттік жекелеген микроқаржы ұйымдары қызметіне тексеру жүргізіп, қаржылық қызметтер көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарының бұзылуы анықталған.

Осыған байланысты Агенттік жеті МҚҰ-ны микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады.

23 қазандағы бұйрықтар негізінде төмендегі МҚҰ лицензиялардан айырылды:

  • «MaxMoney» МҚҰ» ЖШС» (23.10.2026ж. №67 бұйрық);
  • «Microfinance Systems» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №68 бұйрық);
  • «SurfKaz Finance» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №69 бұйрық);
  • «MFO№1» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №70 бұйрық);
  • «Умит Финанс» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №71 бұйрық);
  • «Вивус» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №15 бұйрық);
  • «EL QAZYNA» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №16 бұйрық).

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қадағалау қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып саналатын көрінеді.

Қаржы ұйымдары қадағалауда болады

Қабылданған шешімдер бұзушылықтардың жолын кесуге, микроқаржы нарығына қатысушылар жауапкершілігін арттырып, заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Агенттік қарыз алушылар құқықтарын сақтап, бұзушылықтарды уақтылы анықтап, МҚҰ қызметін жүйелі қадағалауды жалғастыра беретіні белгілі болды.

Заңнама мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын сақтау микроқаржы нарығына қатысушылар қызметінің міндетті шарты болып табылады. Азаматтардың құқықтарын жүйелі түрде бұзуға жол берілмейді және заңнамада көзделген салдарға алып келеді, – делінген ақпаратта.

Бір ай уақыт беріледі

Лицензиядан айырылған МҚҰ-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асырып, жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттар талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.

Заңнамаға сәйкес, МҚҰ лицензиядан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өз атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздер мен қысқарған сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

Back to top button