Жаңалықтар

СҚО-да полиция подполковнигі пара берді деп айыпталды

37 жастағы полиция подполковнигі Фархад Есімовтің қолға түскені туралы ақпарат Telegram-арналарда тараған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕРЕККӨЗДЕР НЕ ДЕЙДІ

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары парамен ұсталды деген мәліметке Ұлттық қауіпсіздік қызметі түсініктеме берді.

Мәлім болғандай, Telegram-арналарда 37 жастағы полиция подполковнигі Фархад Есімовтің қолға түскені туралы ақпарат тараған. Дереккөздерде оның 1 миллион теңгеден астам пара бермек болғанда қолға түскені жазылды.

ҰҚК ЖАУАБЫ

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын алға тартты. Олар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Back to top button