БілімЖаңалықтар

СҚО-да мектепке алғаш барғандардың әр үшіншісі ғана қазақ тілінде оқиды

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылданған 5800-дей баланың шамамен 32% ғана қазақ тілінде білім алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Басқарма басшысы не айтты

Аталған өңірдегі білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, жалпы оқушылар саны 73,5 мыңнан асады. Былтырғылай дейді.

Бұдан бөлек, балаларды мектепке қауіпсіз жеткізу жағы өз алдына мәселе ретінде айтылды. Облыстың 256 елдімекенінен 2,8 мың бала мектепке тасымалданады. Оның 2 мыңнан астамын күн сайын мектепке жеткізу қажет.

Оқу жылы басталмай тұрып, оқушыларды тасымалдауға арналған 143 автобус дайындалды.

Балаларды таситын көліктің барлығы техникалық байқаудан өткізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Департамент полициясымен бірлесіп жүргізілді, – деді Айнагүл Сұрағанова.

Қанша мектеп жөнделді

Қазір мектептерді жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр. Биылғы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 400 млн теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, өңірдегі 12 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге жұмсалған.

Back to top button