«Сізді тыңдасақ, сізден басқаның бәрі кінәлі»: Бектенов Сұлтанғазиевті сынға алды (Видео)

Бүгін үкіметте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтағазиев Премьер-министр Олжас Бектеновке энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
10 жоба іске асырылуы тиіс
Жөндеу жұмыстарына өтінімдердің аздығынан Алматы облысы “қызыл” аймаққа енген. Премьер-министр Марат Сұлтанғазиевтен осының себебін сұрады.
Алматы облысы әкімі өңірде барлығы 62,9 миллиард теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланғанын алға тартты. Оның ішінде құны 4 миллиард теңге болатын төрт жобаны әкімдік қаржыландырады, қалғандары “АЖК” АҚ құзыретінде.
Әкім құны 2 миллиард теңге болатын жылумен жабдықтау бойынша екі жоба іске асырылып жатқанын айтты. Мердігерлермен келісімшарттар жасалды. Енді жылу желілерін реконструкциялауды қарашаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.
“Жұмысты тездетіңіздер”
Сумен жабдықтау және су бұру бойынша жалпы құны 2 миллиард теңге болатын тағы екі жоба прокуратураның ұсынысымен конкурс нәтижелерінің күші жойылғаннан кейін қайта жарияланды. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қайталанған конкурстың қорытындысы 25 тамызға дейін күтіледі, жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Сұлтанғазиевтің сөзінше, Қаржы министрлігі бұл екі жобаны қаржыландырылуы тоқтатылатын басымдығы төмен жобалар тізіміне енгізген. Бұған Бектенов әкім баяндамасынан оның мұндай көрсеткіштер үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайтыны байқалатынын айтты.
“Сізді тыңдасақ, сізден басқаның бәрі кінәлі. Жұмысты тездетіңіздер”, – деді Бектенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram