$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Шымкентте көршісін ұрып өлтірген ер адам ұсталды

Полиция оны абайсызда кісі өлімі әкеп соғу дерегі бойынша тергеп жатқанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Оқиға жайлы

9 қыркүйек күні кешкісін Шымкенттегі Хамза көшесінде болған көршілер арасындағы жанжал өліммен аяқталғанын бұған дейін жазған едік. 65 және 39 жастағы екі ер адам сөзге келмей, жанжалға ұласқан. Қақтығыстың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның жантүршіктірер сәттері көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда 39 жастағы ер адамның егде жастағы көршісіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасағаны көрінеді. Салдарынан қарт ер адам жерге құлаған. Дегенмен ол жерге құлаған жәбірленушіге тағы бірнеше рет соққы жасаған. Кейін күдікті марқұмның үйінен кейбір затты алып, үйіне кеткен. 65 жастағы қарт көз жұмған.

Полиция не дейді

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

“Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

Back to top button