$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

Шымкентте ер адам көршісін балаларының көзінше ұрып өлтірген

9 қыркүйек күні кешкісін Шымкенттегі Хамза көшесінде болған көршілер арасындағы жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Құлағанда да соққының астына алған

65 және 39 жастағы екі ер адам сөзге келмей, жанжалға ұласқан. Қақтығыстың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның жантүршіктірер сәттері көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда 39 жастағы ер адамның егде жастағы көршісіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасағаны көрінеді. Салдарынан қарт ер адам жерге құлаған. Дегенмен ол жерге құлаған жәбірленушіге тағы бірнеше рет соққы жасаған.

Кейін күдікті марқұмның үйінен кейбір затты алып, үйіне кеткен.

Есін жимады

Мәлім болғандай, ауыр соққыдан кейін 65 жастағы ер адам есін жимады. Жақындары жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына жеткен ақ халаттылар оның қайтыс болғанын растады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы келді. Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Қазір оны іздеу бойынша шаралар жүргізіліп, қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұмның артында бес баласы қалды, – делінген ақпаратта.

Back to top button