Тергеу

Шымкентте блогер ұсталды: полиция ол жайлы не дейді

Полиция Шымкентте “ақша бопсалаумен айналысты” деген күдікке ілінген блогер мен сыбайластары ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды ІІМ.

Ресми мәлімет бойынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатқан.

“Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды. Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен”, – делінген полицияның хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Back to top button