Жаңалықтар

Шуда иппотерапия орталығы 40 балаға қызмет көрсетіп жатыр

Өзінің екінші жұмыс жылын жалғастырып келе жатқан Шу қаласындағы иппотерапия орталығы бүгінде 40 ерекше балаға емдік-сауықтыру қызметін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Орталық жұмыс күндері таңғы сағат 08:00-ден түскі уақытқа дейін жұмыс істейді. Жылқымен жүргізілетін терапия балалардың қимыл-қозғалысын, тепе-теңдігін жақсартып, олардың физикалық және психологиялық дамуына оң әсерін тигізуде.

Ата-аналардың сұранысын ескере отырып, Наурызтөбе маңында төрт мезгіл бойы үздіксіз қызмет көрсететін жаңа иппотерапия орталығының құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін балалар қыс мезгілінде де емді үзбей қабылдауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, жоба Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.

Back to top button