Жаңалықтар
ШҚО-да жол апатынан үш адам көз жұмды
Қайғылы жағдай түнде Шемонаиха ауданына қарасты Первомайский кентінде болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ӘКІМДІК КӨҢІЛ АЙТТЫ
Аталған кент әкімдігі ажал құшқандардың отбасына көңіл айтты.
«Марқұмдардың ата-анасына, туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза. Осындай жағдай қайталанбас үшін ата-аналарға айтарымыз – балаларыңызға жол қауіпсіздігі, жылдамдықты сақтау туралы дұрыстап жеткізсеңіздер екен», – делінген әкімдік хабарламасында.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, жастар жеңіл автокөлікпен жол апатына ұшыраған.