ЖаңалықтарОқиға

Сербияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды

Қаза тапқан қазақстандыққа қатысты СІМ мәлімдеме жасады.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Белградта қазақстандық азаматшаның қаза болғанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді талап етті

Бұған дейін TikTok желісінде бір қолданушы қызының Сербияда көз жұмғанын хабарлаған еді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бойжеткен Белград қаласындағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлаған. Марқұмның туыстары оның өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты әрі мұқият тергеуді сұрап отыр. Қайтыс болған қыздың әкесі де видеоүндеу жариялап, оқиғаға байланысты күмән тудыратын сұрақтар бар екенін айтып, қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан хабарласуды өтінді.

СІМ: Іс министрліктің бақылауында

Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Іс министрліктің бақылауында.

Back to top button