$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
TOP-2Жаңалықтар

«Сен жүзе білмейсің ғой»: Каспийде қаза болған сарбаз туралы естелік тарады

Әлеуметтік желіде 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде суға батып кеткен 14 сарбаздың бірі Жаңабай Әсеттің суға жүзе алмағаны туралы естелік тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жанатай Перизат Канидуллақызы әлеуметтік желіде Жаңабай Әсет жолдасының цехында жұмыс істегенін, неке қиғанда куәгер болғанын, сондай-ақ ол суда жүзе алмайтын болғанын жазды.

«Мен жағасында жүремін ғой»

«4-5 күн бұрын туған күні болып, увольнение алып, күйеуімнің жұмысына келгенде «Теңізге барамыз» айтқан екен. Сонда менің күйеуім «Сен жүзе білмейсің ғой» дегенде Жаңабай Әсет «Мен жағасында жүремін ғой» деп айтқан екен. Қандай жағдай болғаны Аллаға аян, бірақ жүзу білмейтін балаларды ауыр заттарымен теңізге шығарған… Жағасында жүремін деп үміт еткен ғой. Қайдан білсін соңғы демі сол жерде үзілетінін», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оқырмандар марқұм Жаңабай Әсет оған кім болып келетінін сұрағанда:

«Күйеуімнің цехында жұмыс жасаған бала еді, тойымыздада болып, неке қиғанымызда куәгерде болған еді», – деп жауап жазды.

Фото: threads.com/@feyaperizaat

Оқырмандар бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Құрбымның жігіті еді. Тойларына барамыз деп қуанып жүргенде жаназасына жиналып отырмыз»,

 

«Жүзе алмаса адам шалшық суға да батады ғой. Қалай соның барлығын ескермеді…», – деген пікірлер жазылды.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button