Тілсіз жаудың беті қайтқанын Экология және табиғи ресурстар министрлігі растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Семей орманындағы” өртті кімдер өшірді
Өртті сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.
“Жалпы өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгіліп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізілді”, – делінген хабарламада.
2026 жылы 16 шілдеде Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында (Бородулиха филиалы, Камышенка орманшылығы) шамамен 60 га аумақта орман өрті шыққан еді. Экология министрлігі жалынның өршуіне жол берілмей, ашық өрттің толық сөндірілгенін кеше хабарлаған.
Еске сала кетейік, 2023 жылы маусымда дәл сол резерватта өрт шығып, 15 адам қаза болған еді.