Садыр Жапаров екінші рет президент сайлауына түсетінін мәлімдеді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2027 жылы өтетін сайлауға қатысып, мемлекет басшысы қызметіне екінші мерзімге таласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Екінші мерзімге баратынымды айтқанмын»
Садыр Жапаров журналист Әли Тоқтақұновқа берген сұхбатында сайлау түсетінін айтты.
«Екінші мерзімге сайлауға түсетінімді бұған дейін де айтқанмын», – деді Қырғызстан президенті.
Осылайша Жапаров 2027 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін президенттік сайлауға қайта қатысатынын растады.
«Бәріне жол ашық»
Жапаров президенттікке үміткер болғысы келетін азаматтардың ешқайсысына кедергі жасалмайтынын жеткізді.
«Сайлауға түскісі келгендердің бәріне жол ашық, қатыса берсін. Орысша айтқанда, “ту қолдарыңда”. Біз ешкімге шектеу қоймаймыз», – деді ол.
Президенттің сөзінше, сайлау барынша әділ өтеді және үміткерлердің ешқайсысына әдейі қиындық туғызылмайды.
Қырғыз Республикасының президентін сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.