$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Роналду “Әл-Наср” клубын сатып алғалы отыр

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду өзі доп теуіп жүрген Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубын сатып алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Инвесторлар қатарында тағы кімдер бар

Ол команданы иелену жөнінде ұсыныс әзірлеп жатқан инвесторлар тобына енді. A Bola ақпаратынша, консорциум Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорымен келіссөз жүргізбек. Қазір “Әл-Насрды” осы қор бақылап отыр.

Роналдудан бөлек, “Милан” иесі әрі RedBird Capital Partners компаниясының басшысы Джерри Кардинале де инвесторлар қатарында бар. Бұдан бөлек, жобаға Ибраһим Әл-Мухайдиб пен Шараф Әл-Харири қатысады.

Әр инвестор жоқ дегенде 92 миллион еуродан қаржы құюға дайын. Осылайша, ұсыныстың жалпы сомасы 460 миллион еуродан асады.

Тараптар әлі келісімге келмеді

Мәлім болғандай, келіссөздердің негізгі бөлігін Роналду мен Кардинале жүргізеді. Консорциум өкілдері алдағы 48 сағат ішінде Мемлекеттік инвестициялық қордың басшылығымен кездесіп, клубты басқару құқығын беру мәселесін талқыламақ.

Бірақ әзірге тараптар келісімге келген жоқ.

Back to top button