Жаңалықтар

Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрлік аппаратынан Президент Әкімшілігіне

Ринат Мұхаметқали бұған дейін мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған. Оның бұл лауазымға тағайындалғаны 2025 жылғы 6 қаңтарда жарияланған. Министрлікке ауысқанға дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болған.

Мұхаметқали үшін Президент әкімшілігіндегі жұмыс бұрыннан таныс. Ол бұған дейін мұнда мемлекеттік қызмет пен кадр саясаты мәселелерімен айналысып, кейін әкімшілік басшысының хатшылығына жетекшілік еткен.

Ринат Мұхаметқалидің өмірбаяны

Ринат Мұхаметқали 1981 жылы Зайсан ауданында дүниеге келген. Мамандығы – заңгер. Жоғары білімді М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде алған. Еңбек жолының алғашқы кезеңінде, 2002–2004 жылдары, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда жұмыс істеген. 2004 жылы Әділет министрлігіне ауысып, заңнама департаментінде жетекші маманнан басқарма басшысына дейінгі қызметтерден өткен. Ал 2009–2010 жылдары осы министрліктің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.

2010–2021 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде еңбек еткен. Осы кезеңде инспектор, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021–2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппаратын басқарған. Одан кейін, 2022–2023 жылдары, Президент әкімшілігі басшысының хатшылығына жетекшілік еткен. 2023 жылғы қаңтарда Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Back to top button