Ozon-ның тағы бір қоймасына дрондар шабуылдады
Ресейдің Адыгейск қаласында Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығына дрондар шабуылдады. Нысан өртеніп, қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды деп жазады Tizgin.kz.
Тауарларды сөреден алып тастайды
Аталған мәліметпен компанияның баспасөз қызметі бөлісті. Қазір ол аумақта төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Ozon өкілдері логистикалық орталықтағы барлық қызметкер қауіпсіз жерге көшірілгенін айтып отыр.
Осыған байланысты компания қоймада сақталған тауарларды маркетплейстің сату сөресінен уақытша алып тастауды жөн көрді. Сондықтан бұл тауарларға тапсырыс беру мүмкін болмайды.
Тапсырыстар тоқтатылады
Егер осы секілді тауарлар басқа логистикалық орталықтарда жолқ болса, олардың мәртебесі «Қоймада жоқ» деп өзгертіледі. Компания кейбір тапсырыс тоқтатылып, қалғанын басқа логистикалық орталықтар арқылы жеткізуге тырысатынын алға тартты.
Бұдан бөлек, шабуылға тап болған орталық FBO моделіне сәйкес тауар қабылдауды уақытша тоқтатты.