Жаңалықтар
“Ресей шпионы” ұсталды деген ақпараттан соң Қазақстан Германияға ресми сауал жолдады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Берлинде Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы БАҚ-та тараған хабарламалардан кейін Германияның құзырлы органдарына ресми сауал жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Қазір жауап күтіліп отыр. Мәселе министрліктің бақылауында», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Германия федералды прокуратурасының мәліметінше, ол Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген.
Берлинде Ресей үшін тыңшылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталғанын бұған дейін Еуроньюс жазған еді.