Ресей Киевке тағы да ауыр соққы жасады

Украина астанасына тағы да жаңа жаппай шабуыл жасалғаны хабарланды. Соққы салдарынан 20-дан астам адам зардап шеккен. Бұған дейін Украина президенті Ресейдің «Орешник» баллистикалық зымыранын қолдануға дайындалып жатқанын ескерткен еді, деп хабарлайды DW.
24 мамырға қараған түні Ресей әскері Украина аумағына қайтадан жаппай соққы жасады. Шабуылдар туралы хабарламалардың басым бөлігі Киев қаласы мен облысынан түсіп жатыр.

Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, астананың орталық бөлігіндегі Шевченко ауданында дрон 9 қабатты тұрғын үйге соғылып, бір адам қаза тапқан. Алдын ала дерек бойынша, кемінде 21 адам зардап шеккен. Оның айтуынша, 13 адам ауруханаға жеткізілген, үшеуінің жағдайы ауыр.

Қала әкімі сондай-ақ дрондардың қаланың бірнеше ауданындағы тұрғын үйлерге түскенін хабарлады. Атап айтқанда, Шевченко ауданында ұшқышсыз аппарат көпқабатты үйдің үшінші және төртінші қабаттарына соғылған.

Киевтің солтүстігіндегі Оболонь ауданында дрон 16 қабатты тұрғын үйдің 12–13-қабаттарына тиген. Ал қаланың батыс бөлігіндегі Соломен ауданында БПЛА 24 қабатты тұрғын үйдің 20-қабатына түскен.

Әлеуметтік желі қолданушылары Соломен ауданында түсірілген болуы мүмкін өрт видеоларын жариялап жатыр.