TOP-1Жаңалықтар
Құрылтай сайлауы өтетін күн белгіленді: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Президент жарлығымен Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылы 23 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын”, – делінген жарлықта.