Жаңалықтар

Құлыбаев жылжымайтын мүлік қорынан қомақты дивиденд алып отыр

Қаржы есептілігі депозитарийіндегі мәліметке сәйкес, «Жайык Инвест Девелопмент» жылжымайтын мүлік қоры басшысына өткен жылғы жұмысы үшін 27,4 млн теңге төлеген, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ КІМ

Ресми мәліметке сенсек, компанияны 2023 жылдың басынан бері Жандос Төлеуов басқарып келеді. Ол компанияның Президенті ретінде барлық маңызды шаруға жауапты.

Kompra дерегінше, компанияның екі құрылтайшысы бар: біріншісі «Маскар» ЖШС арқылы иелік ететін Серік Қырымов болса, екіншісі – Mercury Properties компаниясы арқылы иелік ететін Құлыбаевтар отбасы.

МӘН-ЖАЙЫ

Жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын компания 2025 жылы Құлыбаевтарға 465,8 млн теңге, ал Қырымовқа 214,2 млн теңге дивиденд төлеген.

Back to top button