Жаңалықтар

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының аппарат басшысы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» АҚ аппарат басшысы болып Дияр Нүсіпқожанов тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы “Самұрық-Қазына” қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дияр Нүсіпқожанов жайлы

Дияр Нүсіпқожанов «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалды, қозғалысты және көлікті ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Өңірлік және муниципалдық менеджмент» бағыты бойынша магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын теміржол саласында 2011 жылы бастады. Заң кеңесшісі және инженерден «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Кедентранссервис» АҚ-да басшылық лауазымдарға дейін қызмет еткен. 2025 жылдан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарды.

Ұлттық компаниядағы жаңа басшы

Жақында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып Елжас Отыншиев тағайындалған еді. Жаңа қызметке дейін ол «Самұрық-Қазына» қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі болып жұмыс істеп, экономиканың негізгі салаларындағы портфельдік компаниялардың қызметіне жетекшілік еткен.

Back to top button