Спорт

ҚФФ журналист Ермұхамед Мәуленді сотқа берді

Қазақстандық танымал спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) тарапы оған арыз түсіргенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz «Бірінші бол» YouTube-арнасына сілтеме жасап.

ПОЛИЦИЯҒА ШАҚЫРЫЛДЫ

Журналист сөзінше, жуықта ғана полиция басқармасына шақыртылып, ҚФФ-ның шағымымен танысты.

«Мені полиция басқармасына шақырды, ҚФФ сыртымнан сотқа берген. Шағым түсірді. Оны істеген адамның есімін айтпай-ақ қояйын. Ол кісі қазір онда қызмет етпейді», – деді Ермұхамед Мәулен.

ТЕРГЕУШІМЕН ДЕ КЕЗДЕСТІ

Өзінің сөзінше, дау оның айтқан пікірлері немесе жарияланымдармен байланысты болуы мүмкін. Қазір тиісті филологиялық талдау жүргізіліп жатқан көрінеді. Журналист тергеушімен кездесіп, қойған сұрақтарына жауап бергенін жеткізді. Ол өз пікірінде қала беретінін де айтқан.

Ермұхамед Мәулен қателігі дәлелденіп, оны мойындауға дайын екенін жеткізді.

«Иә, егер біреудің шамына тиіп кететіндей жағдай болса, кешірім сұрауға дайынмын», – деп түйіндеді ол.

 

Back to top button