Жаңалықтар

ҚазТАГ бас редакторына үкім шықты

Сот ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновқа бес жыл журналистикамен айналысуға тыйым салды, деп хабарлайды агенттіктің өзі.

Сот KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновке рақымшылықты ескере отырып, 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл туралы «За нами уже выехали» Telegram-арнасы хабарлаған.

«Бас редактор Әмір Қасенов рақымшылықты ескере отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Ол сот залынан бірден босатылды», – делінген хабарламада.

Сот агенттіктің құрылтайшысы Әсет Матаевқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, 5 жылға журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырды. Рақымшылыққа байланысты оның бас бостандығын шектеу мерзімі де 1 жыл 3 айға дейін қысқартылды.

Қасенов пен Матаев сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргелі отыр.

Еске сала кетсек, 2025 жылы желтоқсан айында ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі жетекшілеріның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов Freedom Finance компаниясының шағымы бойынша күдікті деп танылған еді.

Back to top button