Без рубрики

«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы Молдоваға авиаотын жеткізетін болды

«ҚазМұнайГаздың» еуропалық активі – KMG International (KMGI) тобы бірінші жартыжылдықты жоғары қаржылық көрсеткішпен аяқтап отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұнай шығару көлемі қандай

Аталған компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, есепті кезеңде KMGI құрамындағы «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 2 миллион 600 мың тонна шикізат өңделді. Кәсіпорын Румынияда орын тепкен. Нәтижесінде дайын мұнай өнімдерін шығару көлемі 2 млн 529 мың тоннаға жетті. Нақты айтсақ:

  • дизель отыны – 1 млн 159 мың тонна;
  • бензин – 700 мың тонна;
  • Jet A1 авиаотыны – 225 мың тоннаны құраған.

EBITDA көрсеткіші

Компанияның бөлшек сауда бағыты да өсім көрсетті. Өнім сату көлемі 7%-ға артып, 1 млн 444 мың тоннаға кжетті. Бұған ең алдымен Молдова мен Румыниядағы көтерме сауданың ұлғаюы ықпал етті.

Бұдан бөлек, Румыниядағы жанармайға жатпайтын өзге де тауарларды сату өсімі 6%-ды құрап, 26,1 млн долларға жетті.

Шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші 203 млн долларды құрап, былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ға өсті.

Авиаотын сатады

KMGI халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында Молдова Республикасының Мемлекеттік меншік агенттігімен екеуара келісімге қол қойған. Бұл құжат компанияға Молдованың авиациялық отын нарығына жол ашып, ұшақтарға отынды тікелей құюын мүмкіндік береді.

Back to top button