TOP-2Жаңалықтар

Қазақстанның ураннан түскен табысы неге азайып кетті – Қазатомөнеркәсіп басшысының жауабы

Tizgin.kz тілшісі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтен 2026 жылдың алғашқы 6 айында кәсіпорынның түсімі артқанмен, таза табысы неге түсіп кеткенін сұрады.

Оның айтуынша, табыстың қысқаруы компанияның жұмысына байланысты емес.

“Өндіріс артты, дұрыс. Бірақ біз доллармен сатып жатырмыз ғой бәрін. Дұрыс па? Ал баға сол деңгейде қалды. Бірақ біз бюджет жасаған кезде доллар бағамын 540 теңге деңгейіне белгілегенбіз. Қазір, өзіңіз білесіз, доллардың құны 470-460 теңге шамасында. Сол үшін, тек курстың салдарынан кішігірім кірістің азаюы болды. Бірақ доллармен есептегенде табыс көбірек деген сөз. Өйткені сауданы доллармен жасап, есепті теңгемен береміз, – деді ол.

Айта кету керек, биыл алғашқы жартыжылдықта «Қазатомөнеркәсіптің» таза табысы уран бағасы өскеніне қарамастан азайған болатын. Ал 2025 жылдың шоғырландырылған қаржылық есебінен компанияның жалпы табысы былтырғы деңгейін сақтап қалғанмен, маржасы жоғары байытылған уран сегменті жойылғаны мәлім болған еді. 

Back to top button