ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан Ресейден мұнай жеткізуді 2028 жылға дейін жалғастырады

Қазақстанға Еуропадан мұнай жеткізу Ресейден сатып алуға қарағанда кемінде 50%-ға қымбатқа түседі. Бұл туралы Құрылтай отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Балама бағыттар қарастырылып жатыр

Министрдің сөзінше, Қазақстан ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін балама жеткізу бағыттарын қарастырып отыр. Алайда Еуропадан мұнай импорттау логистика мен шығын тұрғысынан тиімсіз.

Еуропадан жеткізу неге қымбат

Ерлан Ақкенженов Еуропадан мұнай жеткізу үшін оны алдымен Қара теңіз арқылы тасымалдап, кейін теміржол желісімен Қазақстанға жеткізу керектігін алға тартты. Ал бұл қосымша логистикалық шығындарды қажет етеді.

«Егер Еуропадан тасымалдасақ, мұнай Қара теңіз арқылы келіп, одан әрі теміржолмен жеткізіледі. Бұл – логистикалық тұрғыдан күрделі бағыт. Ал Ресей мұнайы Қазақстанмен шекаралас аймақтарда орналасқан. Сондықтан бізге Ресейден мұнай сатып алу әлдеқайда тиімді. Еуропамен салыстырғанда оның бағасы кемінде 50%-ға қымбат болады», – деді министр.

Қазақстан үшін қандай мүмкіндік бар

Министр Қазақстанда ішкі тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзге де мұнай жеткізу бағыттары бар екенін атап өтті. Дегенмен олардың экономикалық тиімділігі мен логистикалық мүмкіндіктері әртүрлі.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім осы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Келісімнің негізгі артықшылықтарының бірі сол, мұнай жеткізудегі экономикалық және логистикалық тәуекелдерді азайту.

Келісім ратификацияланды

Бүгін Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Құжат Қазақстанның ішкі нарығын қажетті мұнай шикізатымен қамтамасыз ету бағытындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты құқықтық тұрғыдан бекітеді.

Back to top button