Қазақстандықтар ақшасын жаппай теңгеде сақтай бастады
Қазақстандықтар ақшасын доллардан гөрі теңгеде сақтай бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Соңғы 10 жылда ұлттық валютадағы депозит көлемі 13 есе өскен. Ал шетел валютасындағы салымдар, керісінше, азайған. Мұндай деректі ranking.kz жариялады.
Қазір елдегі депозиттердің басым бөлігі теңгеде сақталады. Ұлттық валютадағы салымдардың үлесі рекордтық 82%-ға жеткен.
Халық жинағы ең көп шоғырланған қала – Алматы. Елдегі барлық депозиттің 39%-ы осы мегаполиске тиесілі. Одан кейін Астана тұр. Елордадағы өсім 25,4%-ды құраған. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндейді – 9,4%.

Теңгелік депозит үлесі бойынша Түркістан облысы 96,9% көрсеткішпен көш бастап тұр. Одан кейін Алматы облысы – 94,9% және Абай облысы – 94,4%.
Ал валюталық депозиттердің ең үлкен бөлігі Алматыда сақталған – 25,3%. Астанада бұл көрсеткіш 19% болса, Атырау облысында 13,1%-ды құрайды.