$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
БілімЖаңалықтар

Қазақстандағы студенттік жатақханаларда тұру құны қандай

Ведомство студенттік жатақханалардағы тұру құнының орташа бағасын тұрақты түрде бақылап, талдап отырады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттік жатақханалардағы тұру құны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ең қымбат жатақхана – Алматыда

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік және жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұру ақысының айтарлықтай қымбаттауы байқалмайды.

«Қазіргі таңда орташа ең жоғары төлем Алматы қаласында – айына шамамен 40 мың теңге. Ал ең төменгі көрсеткіштердің бірі Жамбыл облысында – айына 8 350 теңге шамасында. Әрине, бағасын өздері белгілейтін жеке хостелдер мен жекеменшік университеттердің жатақханалары да бар», – деді Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте.

Министрлік жатақхана бағасын бақылауда ұстап отыр

Министрдің сөзінше, ведомство студенттік жатақханалардағы тұру құнының орташа бағасын тұрақты түрде бақылап, талдап отырады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жатақханадан орын ала алмаған студенттердің қайда жүгінуі керектігі туралы хабарланған болатын.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button