ЖаңалықтарҚоғам
Мобильді аударым лимиті 2 млн теңгеге дейін артуы мүмкін
Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін жүргізілді
Қазақстанда мобильді банктік аударымдардың бір транзакцияға белгіленген лимитін 2 млн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қолданыстағы лимит қандай
Қазір қазақстандықтар бір транзакция аясында 1 млн теңгеге дейін ақша аудара алады.
Ұлттық банктің тамыз айында «Ашық НҚА» порталында жариялаған қаулы жобасында жеке тұлғалар арасындағы операциялар лимитін 2 млн теңгеге дейін ұлғайту ұсынылған.
Қаулы жобасында тағы қандай өзгерістер бар
Құжатта мобильді төлемдердің банкаралық жүйесінде жаңа сервистерді дамытуға қатысты өзгерістер қарастырылған.
Сонымен қатар жоба:
- алимент қаражатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғау тәртібін нақтылауды;
- «Оңалту және банкроттық туралы» заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын әкімшіге борышкердің мүлкін сатудан түскен қаражатты есепке алу үшін ағымдағы шот ашуға қажетті құжаттар тізбесін айқындауды көздейді.
Жаңа лимит қашан енгізілуі мүмкін
Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін жүргізілді.
Қазір құжат мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде. Жаңа өзгерістер қазан айынан бастап күшіне енуі мүмкін.