TOP-1Жаңалықтар
Ресми: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды

Жаңа Конституция бойынша өткізілген республикалық референдумның дауыс беру қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:
- референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;
дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 пайызы; - референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы;
- референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.
Осылайша, Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция қабылданды деп айтуға болатынын жария етті.