$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
Жаңалықтар

Қазақстанда бәс тігетіндердің несие алуы қиындайды

Жаңа талаптар құмар ойындарға ақша аударатындарға несие беру, қарыз алушылардың төлем қабілетін анықтау тәртібіне қатысты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Банктер төлемдерді бұғаттауға міндетті

Naryk.kz мәліметінше, банктер клиенттің құмар ойындарды ұйымдастырушыларға ақша аудару операцияларын бағалайды. Егер соңғы алты айда үш не одан көп аударымның жалпы сомасы 300 мың теңгеден асып кетсе, болмаса бір реттік аударым 500 мың теңгеден жоғары болса, клиентке ақшаны жылыстату тәуекелінің жоғары деңгейі беріледі.

Банктер Қазақстанда лицензиясы жоқ интернет-казинолар мен шетелдік букмекерлер пайдасына жасалатын төлемдерді толық бұғаттауға міндетті.

Кіріс ресми деректер арқылы бағаланады

Айталық, тұрғын жарты жыл ішінде құмар ойындарды ұйымдастырушыларға жалпы сомасы 300 мың теңгеге жететін алтыдан көп төлем жасаса, микроқаржы ұйымдары оның кірісін тек ресми дереккөздер негізінде бағалауы қажет.

Агенттік төлем қабілетін қатаң қадағалайды

Ескере кететін жайт, бұл талап атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен 21 жасқа толмағандарға да қолданылады. Олардың табысын бағалағанда микроқаржы ұйымдары тек ресми кіріс көздерін ескереді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалап, несие тәуекелдерін басқару талаптарын да күшейтті.

Back to top button