$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ҚоғамСараптамаЭкономикаЭксклюзив

Қазақстанда 2 тамызда eGov.kz пен e-Otinish порталы уақытша жұмыс істемейді

Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мемлекеттік қызмет көрсететін сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық тексеріс жүргізеді.

“Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, яғни қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобайл қолданбасы (“Цифрлық құжаттар” сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервисі;
“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

“Осы орайда қажет операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыс кезінде қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет”, – делінген хабарламада.

 

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button