Спорт
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстанның әртістік жүзу құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Аралас командалар сайысында отандастарымыз үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстан құрамасы 216,7961 ұпай жинады
Қазақстандық спортшылар аралас командалар арасындағы жарыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Алтын медальді 299,2117 ұпаймен Қытай құрамасы жеңіп алды. Жарыс қожайыны Жапония командасы 286,2688 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.
Қола жүлде алған құрамда кімдер бар
Қазақстан құрамасының сапында он спортшы өнер көрсетті:
- Наргиза Болатова;
- Виктор Друзин;
- Айгерім Құрманғалиева;
- Карина Магрупова;
- Ксения Макарова;
- Анна Павлецова;
- Валерия Столбунова;
- Ясмин Туякова;
- Даяна Джаманчалова;
- Жаклин Якимова.