Араб әмірліктері ОPEC және ОPEC+ келісімінен шығатынын мәлімдеген соң, басқа мемлекеттер де ұйымнан шығуы мүмкін бе деген сұрақ күн туындады, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.
САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ
Аталған басылым осыған қатысты Энергетика министрлігіне сауал жолдаған еді. Мәлім болғандай, отандық сарапшылар қазір Қазақстанға келісімнен шығатын ең сәтті уақыт деп есептейді.
«Теңіз кен орнында өндіріс көлемі артып жатқанын ескерсек, бәлкім, Қазақстанға да бұл келісімнен шығатын уақыт келген шығар? Өйткені республика ай сайын белгіленген квотадан асып кетіп, ОPEC+ серіктестерінің алдында ақталуға мәжбүр болып жүр емес пе», – деп жазады «Нефть и газ Казахстана» каналының авторы.
Ал ресейлік «Коммерсанть» басылымы да енді Ирак пен Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығу туралы мәселе көтеруі мүмкін дегенді айтады. Оған екі елдің мұнай өндіру жоспарымен ОПЕК саясаты арасындағы қарама-қайшылық бар екені себеп болмақ. Сондай-ақ АҚШ-пен қарым-қатынасы шиеленіскен Венесуэла мен Иран да ұйымнан шығуға үміткерлер тізімінде тұр. Дегенмен Тегерандағы ресми дереккөздерге сүйенген Reuters Иранның әзірге ОPEC-тен де, ОPEC+ келісімінен де шықпайтынын мәлімдеді.
Дегенмен Қазақстанның Энергетика министрлігі ОPEC+ келісімінде қала беретінін мәлімдеді.
«Бүгінде еліміздің альянсқа қатысу форматын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
ҚАЗАҚСТАН ҚАШАННАН БЕРІ ОПЕК ҚҰРАМЫНДА
ОPEC – мұнай өндіретін ірі мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Әлемдік мұнай нарығына ықпал ететін негізгі ойыншылар деуге болады. Құрамына 12 ел мүше. Қазақстан бұл ұйымға кірмейді, бірақ ОPEC+ келісіміне қатысы бар. Оған 2016 жылы қосылған.
ОPEC+ келісімі – бұл OPEC елдері мен оларға кірмейтін, бірақ мұнай өндіретін басқа мемлекеттер арасындағы мәміле. Ол келісімге кіретін елдер өзіне берілген квотаға сай мұнай өндіруі керек, кейде өндірісті қысқартуға да міндеттеледі.
Бірақ бұған дейін Қазақстан дүркін-дүркін мұнай өндірісін квотадан асырып жіберді, ал өзіне қатысты міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазақстан ОPEC+ келісімі алдындағы квотадан артық мұнай өндіргені жайлы ай сайын ұйым есебінде жазылады. Былтыр көктемде OPEC+ мұнай өндіру квотасын сақтауды Қазақстанға бірнеше рет ескертті