21 сәуірде таңертеңнен бастап Алматыда халық ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатқан азалы жиынға халықпен бірге елге белгілі азаматтар, өнер адамдары, билік өкілдері мен депутаттар келді.
Сахнаға ақынның «Біз шыққан тау – шындық тауы, Барлық таудан биік тау!» деген екі жол өлеңі жазылған.
Еске сала кетейік, әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Мұхтар Шахановтың жұбайы Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақынның соңғы өтінішін жеткізді. Соңғы тілегінде ол өзін ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеуді өтінген.
Ақынның соңғы тілегі бойынша Мұхтар Шаханов Арыстанбаб кесенесінің жанындағы зиратқа жерленеді.