$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Білім

Қанат Айтбаев мектепте “қазақ тілі” пәнін “мемлекеттік тіл” деп атауды ұсынды

Елге белгілі әнші әрі Димаш Құдайбергеннің әкесі еліміздегі мектептердегі қазақ тілі сабағын жай ғана “қазақ тілі” демей “мемлекеттік тіл сабағы” деп атаған жөн деп есептейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Бұлай атау – мектеп қабырғасынан бастап қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін, оның аса маңыздылығын күнделікті өскелең ұрпақтың санасына сіңіреді. Мемлекеттік тіл сабағына немқұрайлы қараудың немесе жөнді қатыспай, нашар баға алудың қандай болатынын ойлап көріңіз?  Бұл – мемлекетке, мемлекеттік тілге құрметсіздік және сауатсыздық болады емес пе? Қай бала ондай қатарда жүргісі келеді?” – деп жазды Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде.

Ол мемлекеттік тіл сабағынан тапсырылатын емтиханда қойылатын баға оқушының жоғары оқуға түсуі үшін қажетті ең маңызды көрсеткіштердің бірі болуға тиіс дейді. Осы бағытпен жүрсек, әнұранды балабақша кезінен жаттап өскендей балалар мемлекеттік тілге де үлкен құрметпен қарауды үйренеді деп санайды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылданған 5800-дей баланың шамамен 32% ғана қазақ тілінде білім алатыны хабарланған еді.

Back to top button