TOP-1Жаңалықтар

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

Сот үкімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сот оны алаяқтық пен пара алу қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оның мүлкі (Toyota Camry автокөлігі) тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Жазаны ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Бұған дейін соттағы соңғы сөзінде Жақсылық Омар соттан бас бостандығынан айырмауды өтініп, айыппұл төлейтінін жеткізген.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОМАРДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Өткен айда телеграм-арналарда Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. Облыс әкімдігі әуелі оның ұсталғанын растамай, денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын хабарлаған еді. Арада бірнеше күн өткеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омардың ұсталғанын растады. Сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған.

Ұсталғанға дейін Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметінде болды.

Back to top button