Жаңалықтар
Оралда автобуста кондукторды итерген ер адам 10 тәулікке қамалды
Орал қаласындағы №9 қоғамдық автобуста жанжал шығарып, кондуктор әйелді кеудесінен итерген ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Билет көрсетуін сұраған
Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, оқиға №9 қоғамдық автобуста болған.
Кондуктор жолаушыдан жол жүру билетін көрсетуін сұраған. Ер адам билетін көрсетудің орнына автобуста шу шығарып, кондуктор әйелді кеуде тұсынан итеріп жіберген.
10 тәулікке қамалды
Сот ер адамның әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.
Сот қаулысымен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.