TOP-2Жаңалықтар

“Өлім жазасына да дайынмын”: Сәрсемәлиев сотта кінәсін толық мойындады

Атырау облысында төрт кісіні өлтіргенін бүгінгі резонансты сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев мойындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Жазадан жалтармаймын. Кез келген жазаға, өлім жазасына да, өмір бойы түрме жазасына да дайынмын. Қылмыстарымның барлық себебі – отбасымнан ажыратуға жасалған қысастықтарына, қасақана қастандықпен жауап бердім. Әйеліммен 10 жыл тату тұрдық. Егер әу баста келіспеушілік болғанда 10 жыл тұрмас едік, бес баламыз болмас еді. Әйелімнің үй іші отбасыма шеттен тыс көп араласып, әйеліммен ажырастырды. Сонда да біз бөлінгіміз келмей, бірге тұрдық. Сонда да олар тоқтатқан жоқ. Бес баламмен өзімді бопсалап, осындай қылмысқа итермеледі. Ар-намысыма тиді. Соңғы уақытқа дейін отбасымды сақтап қалуға әрекеттер жасадым. Балаларын әжелерінен де ажыратқым келген жоқ. Таусылдым. Сөздері жүйкемді жұқартып, адами болмысымды жүдетіп жіберді. Содан кейін осындай қылмысқа бардым деп есептеймін”, – дейді ол.

Сәрсемәлиев әйелімен бірге биыл шетелде ұсталған еді. Ол төрт кісіні өлтіріп, Қазақстаннан қашып кеткен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button